Қазақша рефераттар - Қазақша рефераттар
Главная

рефераттар

Форма входа

E-mail:
Пароль:

Поиск

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 09.09.2010, 11:11
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша рефераттар
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар


Қазақша рефераттар

Әр жақты зерттеулерге, әсіресе табылған археологиялық қалдықтарға адамзат Шар, Қалба бойын ертеден-ақ мекен еткені анықталды. Қазба деректері негізінен үш дәуірлерін қамтиды. Ғалымдардын айтуынша, Қалба өңірінде адам баласы бұдан 40мың жыл бұрын өмір сүріпті. Ертедегі палеолит адамдары тау үңгірлерін, өзендердің жар-кемелерін паналаған.Жан-жануарлар табиғат жағдайына, суық ауа райына бейімделіп отырды.Әлділері өмір сүріп, әлсіздері құрып кетіп табиғат күшінің екшеуіне түсті.Мамонттар табиғат қыспағына шыдамай,мүлде қырылған. Қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі 17-13ғасырлар арасында болғаны белгілі. Оны ғылымда Андроновск дәуірі деп атайды. Өйткені, бұл дәуірдің қалдықтары Красноярск өлкесіндегі Андроновский селосының маңынан табылғанды. Қола заманның археологиялық қалдықтары Алтайдан табылып, зерттелді және бұлар бұл өңірде көп ұшырасады. Қола дәуірде Шығыс Қазақстан ежелгі металлургия қазақша рефераттар орталықтарының бірі болды. Бұл жерде кен қазу құралдары, кетпен кен уатқыш, қайла, қышадан жасалған бұымдар, кварцтан жасалған тас құралдары, опыруға арналған қопарғыш және балғалар табылды. Сонымен қатар кен қазғанда марал мен арқар мүйізі, ірі жануарлардың жауырын сүйегі қолданылған. Өте ерте кездерде Қалба мен Нарым жоталарындағы кен орындарынан ғалымдардың есептеуі бойынша адамдар 1100 тонна қалайы қазып алған. Жалпы бұл өңірдің кен байлығы ерте заманнан адам баласына белгілі боп, Азиға екінші жағы Батыс Европаға жеткізіліп тұрған. Нақтылай айтқанда, қола дәуірінде осы аймақта қорытылған қола, мырыш, қорғасын, алтын, күміс алыстағы елдерге дейін адамдар әдейілеп келіп, Алтай Қалба кенінсатып алып, өз еліне апарады.Демек, сол кездің өзінде өлкеде айырбас саудасы жүргізіліп, жер-жерлермен тығыз байланыстың орнай бастаған кезі. Бұл дәуірдің екінші бір кезеңі – Қарасуық . Ғалым, археолог, тарихшы М.П. Грязнов бұл өңірде тұңғыш рет қазба жұмыстарын жүргізген ғылыми жағына құнды мәдениет мұраларын тапқан еді. Шығыс аймақтың археологиялық қалдықтарын ұзақ уақыт зерттеген бұрынғы Одақтық Ғылым академиясының археология институтының ғылыми қызметкері С.С. Черников Қарасуық кезеңінің қалдықтарын тау жоталарынан, Қызылсу өзенінің бойларынан да кездестірді. Бұл жерден табылған заттар Андроновск дәуірінде өмір сүрген «Чуд» тайпалары қол өнермен айналысқанын дәлелдеп отыр. Қарасуық кезеңінде Чудтер кен қазып, оларды іске жаратып, түрлі бұйымдар жасаған. Табылған археологиялық заттар сол кездегі адамдардың қола дәуірінде үшкірленген найза, садақтар айбалталарды қару еткендігіне көз жеткізеді. Олар тасқа, өздері тұрған үңгірлердің қабырғаларына өрнек суреттер салып,құнды ескерткіштер қалдырды. Қызылсу өзенінің саласы Күйелінің оң жақ жағасында мұжылып қираған биік қара жартастың үстіңгі жақ бетінде үлкендігі кісінің алақанындай, қос мүйізі жаясына дейін жетіп қайырылған беті күннің шығысына қарап, түрегеліп тұрған бұғының суреті бар.Бұғының ұзын мүйізі, басы , аяғы, өн бойы, құйрығын шашағына дейін әдемі келтірген. Оның астыңғы жағында беті шығысқа қарай бірінін артынан бірі өріп бара жатқан бір топ арқардың және екі ноқталы аттың тізгінін ұстап тұрған бір кісінің суреті және бар. Осымен қатар жақсы қашалып салынған, беті батысқа қараған үлкен кесірткенің суреті бар. Жартастың астыңғы жағы қуыс, шығыс жағы жайдақ келген. Осы жартасты жергіліктіел Мөртас деп атайды. Содан бертін келе колхоздың , одан «Шалабай» мал заводының бөлімшесінің орталығы, қазір елді мекенің атына айналған. Көне тарихты зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйенсек , тас бетінде сақталған бұғы бейнелерінің көпшілігі б.э.д.4-5 ғ.ғ. жатады. Сібір мен Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалар бұғы, арқар сияқты аңдарды арғы ата-бабамыз деп есептеген, шамандық дәстүрде бұғы мен арқар қазақша рефераттар киелі аңдар болып саналады. Арқар таудың рухы болса, бұғы жер немесе күн бейнесі деп танылған. Қызылағаш әкімшілігі жеріндегі Сабындыкөл жағалауынан қола дәуірінде жататын адамдардың қабыры табылып отыр.Жалпы көне дәуір қазбаларын зерттеу олардың сыртқы екі белгісіне бірінші қонысына, екінші моласына қарай жүргізіледі.Қазірге дейін түйінделген ғылыми тұжырымға сәйкес ерте кездегі тайпалардың қабырлары мынандай төрт түрге бөлінетін болған. Олар: жер қабыр, қима қабыр сыста қабыр және тасқорап қабырлар. Соңғысының ерекшелігі сол қазылған жерге адам қол аяғын бауырына алып жататындай, кәдімгі қақпақ тастардан қорап жасап мәйітті соған салған. Сабындыкөлден табылған қабырлар тасқораптар болғандықтан олар қола дәуіріне жатады. Бірнеше қабырдан қолдан жасалған әйелдер әшекейлері сырғалар моншақтар қыш құмыралар табылды. Олардың барлығы қазақша рефераттар дерлік алтынмен қапталған. Қазылған қабырлардан адамдардың бас және басқа да сүйектері табылды. Көне қабыр ішінен табылатын адам қаңқаларының қай жынысқа жататындығы туралы ғылыми дәлелденген белгілеріне қарай оның екеуі әйел, біреуі ер адам екендігі анықталды. Қыземшек биігіндегі Сабындыкөл көне қабырлар құпиясын ашуда алматылық ғалым-археологтар А.М.Оразбаев, Ә. Төлеубаевтар көп еңбек сіңірді. Ауданың солтүстігіне орналасқан Қарасу ауылында су құбырларын жөндеу кезінде табылған адам сүйектерінің жерленуі ерекше көңіл аударарлық. Ондағы үш адамның біреуі асты-үсті түгел плита тастармен қоршалып, табыт бейнесіне ие болған. Ол сүйектің қасында қыш құмыраның және басқа да заттардың сынықтары табылды. Алматы, Кемерова қалаларынан келген мамандардың бастауы бойынша бұл қазбалар андронов кезеңіне сәйкес келеді. Байжан тауының бауырындағы (Аршалы әкімшілігі) Қаракөлдің желке тұсындағы қорғандар мен зираттар өте көп мағұлматтар береді. Анықтай келе бұл қорғандар мен зираттар осыдан бірнеше мың жыл бұрын тас дәуірінде орнатылған дүниелер екені анықталды. Демек, Қаракөл сонау тас дәуірінен бұрын пайда болуы керек. Ал көне қорғандар мен зираттар сол су маңына жақын орналасқан әлде бір көшпелі тайпалардың уақытша мекені болғанға ұқсайды. Солардың ішінде көлге сұғына жатқан тас қорғанның алатын орны ерекше. Оның еі қанаты орақ тәрізденіп иіліп келіп, алдағы қақпаға тірелген. Қақпа есігі оңтүстіке қараған. Шашылып жатқан тастарға қарағанда, қорғанның қабырғалары биік болған тәрізді. Ол-жел боран, жаңбырдан және сыртқы жаулардан қорғану қызметін атқарған деген қазақша рефераттар тұжырым жасауға болды. Ал, қорған есігінің оңтүстікке қарауы оның ішінде жарық пен жылудың мол түсуі үшін жасалғаны белгілі. Көшпелі халықтың негізгі тіршілік көзі мал болғандықтан қорған қабырғаларының ішкі жағына жапсарлас мал қоралары болғаны дауысыз. Демек, бұлар қола дәуіріне тән дүниелер.Болжам бойынша үлкен қорғанда белгілі бір көшпелі тайпаның не топтың көсемі, қолбасшысы тұруы мүмкін. Ал сыртқы шағын қорғандар оның қызметшілерінің тұрағы болуы тиіс. Олай ету тайпаның өсемін тұтқиыл жаудан сақтау үшін жасалған тәсіл. Қазба жұмыстары кезінде көшпелі елдің салт-үлгісімен салынған екі үй тектес құрылыс байқалды. Оның біреуіндегі үлкен тастың астынан қалың күл қабаттары табылды. Аудан өңірінде ерте кездегі адам тіршілігінің іздері жатқан тарихи қазбалар өте көп.Көшпелі қауымға тән тас қорғандар, қоралар мен зираттар осынау кең даланың ерте кезде иен жатпағаның оның барлық түкпірінде адамдар өмір сүргенін өрсетіп отыр. Қазаңшұңқырдағы қалайы шығарылған жердегі тасқорған Қызылсу бойындағы алтын өндірген орын Шымылдық, Қапанбұлақ ауылдарында топырақ пен тастан қаланған қорғандар, темір ғасырының ескерткіштері табылды.Ерте замандағы 18 қорған Қаратөбе ауылынан оңтүстік шығысына қарай 5 шақырым жерде, 7 қорған мен қола ғасырдың қорғандары Шардың жоғарғы сағасында көне кездегі үңгірлер Даубай жұртынан солтүсік батысқа қарай 8 шақырым жерде белгілі болып отыр.Аршалы әкімшілігі қазақша рефераттар жерінде темір ғасырың 5 қазба, қола дәуірінің 3 қазба, Бөке жеріндегі топырақ пен тастан қаланған 15 қорған, 2тас қорған , 7тас қорғаннан тұратын зираттар, екі жерде жартасқа қашап салынғанмүсіндер бар.

қазақша рефераттар © 2010



Sitemap