Географиядан өткізілетін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері. - рефераттар - Каталог файлов - Қазақша рефераттар
Қазақша рефераттар
Пойск  
Четверг, 02.10.2014, 04:18
Меню сайта



Форма входа
Категории раздела
рефераттар [317]
Поиск
Пойск

Главная » Файлы » рефераттар

Географиядан өткізілетін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері.
Скачать рефераты на казахском 23.06.2009, 14:57
                                           Географиядан өткізілетін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері.

География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу-тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қатарына:
- географиядан факультативтік сабақтар, апталықтар ұйымдастыру;
- географиялық ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдарымен танысу негізінде хабарламалар дайындау;
- географиялық үйірме жұмысын ұйымдастыру;
- қабырға газеттерін және әр түрлі көрнекіліктерді (макеттер мен букеттер) әзірлеу;
- оқу формасына сәйкес бейнефильмдер мен ғылыми-көпшілік оқу фильмдерін көрсету;
- географиялық кештер мен конференциялар, ойындар мен сайыстар, олимпиадалар, ойша саяхаттар ұйымдастыру;
- туристік, экологиялық және танымжорықтар ұйымдастыру;
- компьютерлік бағдарламалрды пайдаланып, қосымша деректер жинау жатады.
Географиядан өткізілетін факультативтік сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге, оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор. Оқушылардың материктер мен мұхиттар географиясынан алған білімдерін тереңдету мақсатында факультативтік сабақтарды мынадай бағыттарда жүргізуге болады:
1) «Картография және топография» курсы:
Бұл курс оқушыларды топографиялық, геодезистердің және картографтардың жұмыс істеу әдістерімен таныстырады. Оқушылар топографиялық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды орнату, тексеру және олардың жұмыс істеу тәсілдерімен танысады, карта жасаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар оқушылар географиялық карталарды түсіну, оқи және олармен жұмыс жасай білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіреді. Карталардың түрлері мен қолдану аясын ажырата білу мүмкіншілігін кеңейтеді.
2) «Геология» курсы:
Бұл курста оқушылар жерде таралған тау жыныстарының коллекциясын жинау, олардың түрлерін анықтау арқылы сол жердің геологиялық тарихымен танысады. Оқушылар жергілікті жерге тән пайдалы қазбалардың қалыптасу және таралу заңдылықтарымен танысып олардың шаруашылық маңызын анықтайды. Туған жер табиғатының қыр-сырын танып-біліп, оның байлықтарын қорғау мен тиімді пайдалану қажеттілігін түсіну арқылы оқушылардың патриоттық сана-сезімі тереңдеп, экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі артады.
3) «Дүниежүзілік мұхит экологиясы» курсы:
Бұл курста дүниежүзілік мұхит суларының минералдық, биологиялық және энергетикалық қорлары олардың шаруашылық маңызы және табиғат байлықтарын тиімді пайдаланудың жолдары қамтылады. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхит суларын шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемалар және оларды жеке елдер мен халықтарлық деңгейде шешудің жолдары қарастырылады. Бұл курста дүниежүзілік мұхитты зерттеумен айналысқан атақты француз ғалымы Жак Ив Кустоның ғылыми зерттеу экспедициясының еңбектері мен бейнефильмдерін кеңінен пайдалану қажет. Осы арқылы оқушылардың бойында ізденімпаздық, табандылық пен ержүректік батылдық сияқты ізгі қасиеттерді де дамытуға болады. Курсты оқып үйрену барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесі жүзеге асырылады.
4) «Елтану» курсы:
Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы дүние жүзі елдері мен халықтары туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен елтану бағытындағы факультативтік курс аса қажет. Оқушылар хрестоматиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттерден елдер мен халықтар туралы қосымша деректер жинақтауға үйреніп, география сабақтарынан алған білімін толықтырады. Мұғалім оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы реферат, хабарламалар дайындауға, ізденуге, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға бағыттайды. Бұл курсты оқып үйрену барысында да оқу фильмдерімен компьютерлік компакт-дискілерді пайдаланудың тиімділігі мен мүмкіншілігі артады.
Факультативтік курстар мектептің таңдап алған бағыты мен оқу бағдарламасының мүмкіншілігіне орай, аптасына бір сағат көлемінде өткізіледі. Факультативтік топ өз қалауы бойынша қатысуға тілек білдірген 15-тен кем емес оқушыдан тұрады. Кейбір факультативтік курстар бойынша бұрын жарық көрген әдістемелік нұсқаулар бар.
Географиялық үйірме – географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрі. Үйірме география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық мүмкіншілігін арттыру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысының тиімділігін арттыру үшін тақырыптық бейнематериалдарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, күнделікті баспасөз мәліметтерін пайдаланумен қатар, географиялық ойын түрлерін кеңінен енгізу қажет. Үйірме жұмыстарының нәтижелері қабырға газеттері, көрмелерде көрініс табады. Географиялық кештерде үйірме мүшелерінің белсенді жұмысының қорытындысы шығарылып, марапатталғаны жөн.


Категория: рефераттар | Добавил: jasik
Просмотров: 6766 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
Создать бесплатный сайт с uCoz